Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Отандық фильмдерді енді «Кинопоисктен» көруге болады

Отандық фильмдерді енді «Кинопоисктен» көруге болады

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген фильмдерді «Кинопоиск» платформасынан тамашалауға болады. Онда 17 фильмнен тұратын арнайы тақырыптық жинақ ұсынылған. Бұл көрерменге Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген өзекті әрі маңызды киножобаларды ыңғайлы форматта көруге мүмкіндік береді.

Ұсынылған фильмдер қатарында «Патриоттар уақыты», «Каникулы off-line 2», «Дос-Мұқасан», «Қажымұкан», «SHULAMAH», «Ағайындылар», «Дала қасқыры» және басқа да маңызды тақырыптағы фильмдер бар. Алдағы уақытта бұл тізім жаңартылып отырады.

«Кинопоиск» – Қазақстандағы жетекші бейнесервис. Онлайн-кинотеатр ең табысты қазақстандық фильмдер мен мазмұнды сериалдарды ұсынады. Соңғы деректер бойынша, 2024 жылдың алғашқы жартысының өзінде қазақстандық контент 5 миллион сағаттан астам уақыт қаралған.