Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда “алтын виза” енгізіледі

Қазақстанда “алтын виза” енгізіледі

Енді шетел азаматтары Қазақстанда 10 жылға дейін тұра алады. Осы мақсатта «Алтын виза» бағдарламасы іске қосылды.

Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, ыхтиярхат алу үшін арнайы талап бар. Нақтырақ айтқанда, елімізге келуге ниетті шетелдік Қазақстан экономикасына 300 мың доллар инвестиция құюы тиіс. Инвестициялық виза электронды өтініш арқылы рәсімделеді. Үкімет мұны: шетелдік инвесторларды көптеп тартып, елге қаржы мен жаңа технология әкелудің әрі олармен ұзақ уақытқа серіктес болудың жолы деп отыр. Айта кетейік, «алтын визаны» Еуропа, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Сингапур сияқты елдер бұрыннан қолданады.


Фото: freepik