Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматы циркінің әртістері Гиннес рекордтар кітабына енді

Алматы циркінің әртістері Гиннес рекордтар кітабына енді

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Алматы циркінің әртістері айтты. 

«СЕРБАТ» акробатикалық тобының мүшелері — Батыр Жанұзақ пен Марлен Маратов Миландағы беделді «Lo Show Dei Record» халықаралық шоуында бірегей рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Акробаттардың бірі екіншісін маңдайымен көтеріп екі баспалдаққа мініп түскен. Олар трюкті 36,66 секундта орындаған. Бұл жетістік көрермендерді ғана емес, халықаралық қазылар алқасын да таңғалдырды.


Фото: inform.kz