Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған кітап таныстырылды

Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған кітап таныстырылды

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында аты аңызға айналған қолбасшы, ұлт батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған айрықша кітап жарық көрді. Жоба KAZ Minerals Тобының қолдауымен жүзеге асырылды.

Кітап қазақ және орыс тілінде жазылған. Мұнда Бауыржан Момышұлының өміріндегі бүгінге дейін беймәлім болып келген жайттар - Көлбастаудағы балалық шақ, қан майдандағы ерлік жолы, соғыстан кейінгі қоғамдық-әдеби қызметі сөз болады. Көркем безендірілген басылымда мұрағаттағы құжаттар, тарихи құнды суреттер мен Момышұлының төл туындыларынан үзінділер және замандастарының естеліктері келтірілген.


Фото: KAZ Minerals