Президент Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Қазақстан Президенті бүгін Мәскеуде бірқатар шет мемлекет басшыларымен кездесу өткізеді, — делінген хабарламада.