Биыл шегірткемен күреске 7,1 млрд теңге бөлінді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың сөзінше, биыл шегірткелердің таралуы 2,1 млн гектар аумақты қамтиды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз. Зиянкестермен күресуге республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлінді.
«Жұмысқа 443 бірлік бүріккіш техникасы мен 4 625 маман жұмылдырылды. 12 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл және Түркістан облыстарында шегіртке зиянкестері дернәсілдерінің таралуы байқалады», - деді министр.
Осы ретте Үкімет басшысы Түркістан мен Жамбыл облыстарында шегірткеге қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды.
Фото: egemen.kz