Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көлік-логистика саласындағы өзекті мәселелер қаралды.

Президент жүк өткізу бекеттерінің әлсіздігін, ірі инфрақұрылымдық жобалардың кешігуін және саланың жалпы ахуалын сынға алды. «Жасыл дәліз» жүйесін ұйымдастырып, логистикалық әлеуетті толық пайдалану қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы көлік нарығын авиаотынмен жеткілікті қамтамасыз етіп, жүк тасымалы көлемін арттыруды тапсырды.

Жиын соңында Көлік министрі Марат Қарабаевқа сөгіс жарияланды.

Саладағы проблемаларды шешу үшін нақты шаралар қабылданатын болды.