15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

Бүгін бүкіл әлемде Халықаралық отбасы күні аталып өтеді. Атаулы күн Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы тарапынан 1993 жылы бекітіліп, 1994 жылдан бастап жыл сайын халықаралық деңгейде атап өтіледі.
Бұл күннің басты мақсаты – отбасының қоғамдағы рөліне назар аудару, отбасылық құндылықтарды насихаттау және отбасы институтын қолдау. Сондай-ақ, әлем елдеріндегі әлеуметтік саясат пен отбасылардың әл-ауқатына қатысты өзекті мәселелерге қоғам назарын аудару көзделеді.
БҰҰ мәліметі бойынша, қазіргі таңда әлем елдерінде отбасы институты түрлі әлеуметтік-экономикалық, мәдени және демографиялық өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты, Халықаралық отбасы күні әр жылы белгілі бір тақырыппен өткізіледі.
Бұл күн – барша азаматтарды бірлікке, сыйластыққа, жақындарына қамқор болуға үндейтін, отбасылық қарым-қатынасты нығайтатын маңызды мереке.
Фото: gov.kz