Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Түркістанда Ясауи мұрасына арналған халықаралық симпозиум өтіп жатыр

Түркістанда Ясауи мұрасына арналған халықаралық симпозиум өтіп жатыр

Түркістанда «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер» атты халықаралық симпозиум өтіп жатыр. Шараның ашылуына Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысты. 

Бұл симпозиумды өткізу туралы бастаманы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында көтерген еді. Президент алқалы жиында: «Қожа Ахмет Ясауи мұраларын терең зерделеп, дәріптеуге де айрықша назар аударған жөн. Бұл мәселе бойынша ең әуелі өз еліміздің және шетелдің ғалымдарын шақырып, арнайы симпозиум өткізу қажет» деген болатын. 

Ерлан Қарин Мемлекет басшысының симпозиумға қатысушыларға арналған құттықтау хатын оқыды.

Мемлекеттік кеңесші бұл симпозиум Ясауидің гуманистік идеяларын жүйелі зерттеуге және рухани-зияткерлік мұрасын насихаттауға зор үлес қосатынын атап өтті.

Жиынға еліміз бен Әзербайжан, Германия, Үндістан, Иран, Италия, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Жапония елдерінен келген жүзге жуық белгілі ғалымдар қатысып жатыр.

Симпозиумдағы тақырыптық секциялар аясында Ясауи мұрасының түрлі қырларын қамтитын ғылыми баяндамалар жасалып, пікірталастар болады. Сондай-ақ ғалымдар өзара тәжірибе алмасады.


Дереккөз: kaz.inform.kz