Астанада Ulttyq ónim – 2025 көрмесі өтіп жатыр

EXPO халықаралық көрме орталығында басталған көрмеге 350 отандық өндіруші қатысуда.
Көрмеде тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау, зергерлік бұйымдар және тағы басқа мыңдаған тауарлар ұсынылған.
Сондай-ақ «Халық Таңдауы» дәм тату байқауы, танымал отандық дизайнерлердің ерлер мен әйелдер киім топтамасы, кәсіпкерлер өткізетін шеберлік сабақтары, күнделікті сыйлықтар ұтыс ойыны мен концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылады.
Көрменің жұмыс уақыты: күн сайын сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін.