Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

Мүліктің заңды жолмен алынғанын дәлелдей алмаған жағдайда тәркілеу ұсынылды. "Кеңейтілген тәркілеу" деп аталатын бұл норманы енгізуді Мәжіліс депутаты Марат Башимов ұсынып отыр.

"Жақында Мәжілісте ақшаны заңсыз жолмен жылыстатуға қарсы маңызды заң жобасы бірінші оқылымға шығарылады. Мен оған халықаралық FATF (Ақшаны жылыстатуға қарсы қаржы шараларын әзірлеу тобы – ред.) ұйымы ұсынған 100-ден астам түзету мен құқықтық норма енгіздім. "Кеңейтілген тәркілеу" институты еліміз үшін аса маңызды. Өйткені мұндай көлемде ұрлық әлемде еш жерде болмаған", – деді депутат.

Көптеген елде FATF ұсынған нормалар әлдеқашан енгізілген, ал Қазақстанда бұл үдерісті "әр түрлі мүдделі топтар, әсіресе, олигархтар" әдейі тежеген.


Фото: massaget.kz