ТЖМ көпқабатты үйлердің қауіпсіздігін дрон арқылы бақыламақ

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов оқушылардың жазғы демалысын қаупісіз ұйымдастыруға бағытталған шаралар туралы мәлімет берді.
- Су қоймаларында балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру – бұл бала өліміне әкелетін негізгі себеп. Каналдар мен арық жүйелері сияқты шағын су объектілердің өзінде бала өлімінің жиі орын алады. Осыған байланысты, жазғы каникул басталғанға дейін Оқу-ағарту министрлігі ата-аналар мен балалар арасындағы профилактиканы күшейтуі тиіс, - деді министр.
Сондай-ақ, ол жаз мезгілінде балалардың терезеден құлауы жағдайларының көбейіп кететінін ерекше атап өтті.
- Министрліктің тарапынан терезелерге қорғаныш құрылғыларын өтеусіз негізде орнату және тұрғын үй кешендерінің аулаларында ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі. Бала өлімінің алдын алу мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі кең ауқымды акция өткізуі қажет.
Сонымен қатар, жазғы кезеңде адамдар көп баратын туристік орындар мен көрнекті жерлердегі қауіпсіздік шараларының сақталуын тиісті ведомство қамтамасыз етуі керек, - деді Шыңғыс Әрінов.
Фото: inform.kz