Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ресейге баратын қазақстандықтар үшін жаңа талап енгізіледі

Ресейге баратын қазақстандықтар үшін жаңа талап енгізіледі

2025 жылдың 30 маусымынан бастап Ресейге сапар шегетін Қазақстан азаматтары үшін жаңа ереже күшіне енеді. Енді шекарадан өтерден 72 сағат бұрын арнайы цифрлық профиль толтыру міндетті болады.

Бұл процесс RuID деп аталатын жаңа мобильді қосымша арқылы жүзеге асады. Қосымшада азаматтар өздерінің жеке мәліметтері мен фотосын жүктеуі, сондай-ақ медициналық сақтандыру рәсімдеуі қажет.

Жаңа жүйе заңсыз көші-қонмен күрес мақсатында қолға алынып отыр және барлық шекаралық өткізу пункттерінде қолданылады.

Бұл талап 6 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ Ресейде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне қолданылмайды.

Ресейге кіру үшін әрбір Қазақстан азаматы QR-код алуы тиіс. Бұл талап паспортпен де, жеке куәлікпен де шекара асатын азаматтарға бірдей қолданылады.


Фото: inbusiness.kz