Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанада күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді

Астанада күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді

24-30 мамыр аралығында Астанада ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы өтеді.

   Бұл турнирге еліміздің барлық өңірлерінен және республикалық маңызы бар қалалардан шамамен 1000 балуан қатысады. Биылғы жарысқа халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғаған атақты спортшылар да қатысады. Өйткені Кубоктың басты мақсаты - алдағы әлем чемпионаттарына қатысатын балуандарды ұлттық құрама сапына іріктеу.

   Алғашқы медальдар еркін күресте сарапқа салынады. Одан кейін жарыс жолына әйелдер шығады. Турнирді грек-рим күресінің балуандары аяқтайды.

Жарыстар Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.


Фото: olympic.kz