Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бурабайда құны 53 миллион теңге жер телім мемлекет меншігіне қайтарылды

Бурабайда құны 53 миллион теңге жер телім мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақмола облысы Бурабай ауданы прокуратурасының бастамасымен Жер ресурстарын басқару департаменті "Кипрос" ЖШС-нің пайдалануындағы жер учаскесіне иелік ету заңдылығына тексеру жүргізілді. Қорытындысын облыстық прокуратураның баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды qazradio.fm.

Сонымен, ведомствоның 2025 жылғы 22 мамырда, бейсенбіде жарияланған мәлімдемесіне сәйкес, серіктестік 2012 жылдан бері Щучье көлі жағалауында орналасқан 3 гектар жер учаскесін иеленіп келгені анықталды.                                                                                                    

"Жер заңнамасының талаптарын бұза отырып, 10 жылдан астам уақыт бойы жер учаскесі игерілмеген, құрылыс жұмыстары басталмаған."

Ақмола облысының прокуратурасы

2023 жылы жер пайдаланушыға учаскені игеру туралы міндетті нұсқама берілген, алайда 2024 жылы ешқандай шаралар қабылданбаған.

Тексеру нәтижелері бойынша Департамент сотқа жүгінді. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен кадастрлық құны 53,4 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне өтті.

Қолданыссыз жатқан жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда және аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Дереккөз: zakon.kz

Фото: borovoe.kz