Балқаш курорттық аймағына жазда қосымша пойыздар қатынайды

Жаз мезгілінде Балқашқа дейін 10 бағытта пойыз қатынайды, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
«Нұрлы жол –Достық», «Нұрлы жол –Семей», «Мойынты – Балқаш», «Қарағанды – Балқаш», «Балқаш – Саяқ», т.б. бағыттар бойынша пойыздар Астана, Семей, Алматы қалалары мен Қарағанды облысынан (Мойынты, Саяқ) жолаушы тасымалдайды.
Сондай-ақ, Балқаш көліне дейін «Орталық – Оңтүстік» жол бағыты арқылы төрт жолақты автомобиль жолы бар. Астана қаласынан «Астана – Қарағанды» жолы арқылы өтіп, одан әрі «Қарағанды – Балқаш» жолына түсіп, шамамен 5-6 сағатта Балқашқа жетуге болады.
Фото: rail-news.kz