Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

 Соңғы екі жылда балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың, суицидтің және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында бірқатар шара қабылданып, бағдарламалар мен заңдар әзірленді.

Биыл 13 өңірдегі және 73 елді мекендегі ахуалға мониторинг жүргізілгенін, соның ішінде 272 мекемедегі балаларға жасырын сауалдама жасалғанын, 173 отбасыда тәрбиеленіп жатқан жеткіншектердің жағдайымен танысқанын айтты.

Қазіргі кезде «Қазақстан халқына» қоры серіктестерімен бірге 49 оңалту орталығын ашты. Бұл мекемелерде ерекше қажеттіліктері бар балаларға қызмет көрсетіледі.

Кездесуде «Қазақстан балалары» бағдарламасын әзірлеу, онлайн қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған азаматтардың жеке мәліметтерін қорғау мәселелері талқыланды.