Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде ақылы жолдардан бюджетке 48 млрд теңге түскен

Елімізде ақылы жолдардан бюджетке 48 млрд теңге түскен

Былтыр еліміздегі ақылы жолдардан бюджетке 48 млрд теңге ақша түссе, биыл ел қазынасына 100 млрд теңгеге жуық кіріс кіреді деген жоспарлануда. Бұл туралы Сенатта өтіп жатқан Үкімет сағатында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда бүгінде ұзындығы 3,2 мың шақырымдық 17 ақылы автомобиль жолы бар. Биыл тағы 6 мың шақырымнан аса 19 ақылы жол учаскесі қолданысқа берілмек.

Бұған дейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан ақылы жолдарды уақытша тегін ету жоспары жарияланған еді.


Фото: ult.kz