Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

БҰҰ миссиясының қолбасшысы қазақстандық бітімгерлермен кездесті

БҰҰ миссиясының қолбасшысы қазақстандық бітімгерлермен кездесті

Қазақстандық бітімгерлік контингентінің орналасқан жеріне «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аумақты бақылау жөніндегі күштері» БҰҰ миссиясының қолбасшысы генерал-майор Анита Асма танысу сапарымен келді.

Генерал-майор бітімгерлерге қазақстандық бөлімше қолбасшылықтың резерві екенін және оқиға болған жағдайда БҰҰ персоналын эвакуациялау, құтқару және қорғау жөніндегі міндеттерді орындайтынын атап өтті.

UNDOF миссиясының қолбасшысы қазақстандық бітімгерлердің кәсіби шеберлігі оларға жүктелген барлық міндеттерді ойдағыдай орындауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.