Астанадағы Кенесары ханның ескерткіші жөнделіп, орнына қайта орнатылды

Астанада Кенесары ханның ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, монумент өз орнына орнатылды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Өткен жылы Есілдің жағасында тұрған Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарына байланысты алынып тасталған кезде әлеуметтік желіде әңгіме болды. Қайта-қайта түсініктеме бергеніме қарамастан, расталмаған ақпарат тараған болатын. Шын мәнінде, ескерткішке жөндеу жұмыстары қажет болды. Міне, бүгін, жөндеу жұмыстары аяқталып, ескерткіш орнына қойылды. Қазір бұрынғымен салыстырғанда биіктігі де ұзартылды», – деді Ерлан Қарин.
Фото: qaz.ulysmedia.kz