Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елдегі инженерлік желілердің тең жартысы тозған – Министр

Елдегі инженерлік желілердің тең жартысы тозған – Министр

Өткен жылдың жылыту маусымында жылу желілерінде 53, су және кәріз желілерінде – 264 технологиялық бұзушылық тіркелді. Олардың басым бөлігі Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Астана қаласында. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты.

Министрдің айтуынша, жыл сайын жылу және су жабдықтары мен су бұру жүйелерінің тозуына байланысты технологиялық апат туындау қаупі бар. Жалпы, еліміз бойынша шамамен 137 мың шақырым инженерлік желі бар. Олардың орташа тозу деңгейі – 49% болса, 67 мың шақырымы ауыстыруды қажет етеді.

Әсіресе, тозған инженерлік желілердің көпшілігі Павлодар, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген.

Биыл республикалық бюджеттен сумен жабдықтау объектілерін салу мен қайта жаңарту үшін 176 миллиард теңге қарастырылды. Жалпы Президент тапсырмасына сәйкес, 2030 жылға дейін тозған инженерлік желілерді 40% дейін төмендету жоспарланған. Осы тапсырманы орындау үшін «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы қабылданды. Онда шамамен 1 триллион теңгеге 8 мың шақырым су және су бұру желілерін жаңғырту жоспарлануда, − деді сала министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында.


Фото: kaz.inform.kz