Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ауыл шаруашылығы өнімдері Африка құрлығына тасымалданбақ

Ауыл шаруашылығы өнімдері Африка құрлығына тасымалданбақ

Бүгін Астанаға Руанда президенті Поль Кагамен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев құрметті мейманды Ақордада қабылдап, келіссөз жүргізді. Жалпы екі ел арасында он шақты құжатқа қол қойылды.

Мемлекет басшысы биыл Қазақстан мен Руанда дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптардан босатуға келіскенін айтты. Сондай-ақ ғарыш кеңістігін бірлесіп игеру жөнінде уағдаласты.

«Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін Африка құрлығына тасымалдау жолдарын қарастырдық. Елдеріміз озық технология, жасанды интеллект және ғарыш саласында айтарлықтай тәжірибе жинақтады. Біз цифрландыру және киберқауіпсіздік мәселелеріне қатысты ортақ жобаларды қолға аламыз деп келістік. Ғарыш кеңістігін бірлесіп игеру жөнінде уағдаластыққа қол жеткіздік. Мұндай қадам мемлекеттік қызмет пен бизнестің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді», – деді Президент.

Келіссөздер кезінде президенттер академиялық байланысты дамытуға, студент алмасуға, сондай-ақ, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге келісті.

«Екі мемлекеттің сауда, технология және ауыл шаруашылығы салаларында бір-бірінен үйренері көп. Біз «Самұрық-Қазына» мен Rwanda Mines, Petroleum and Gas Board арасында келісім жасалуын құптаймыз. Руанда Қазақстанның энергетика, тау-кен өнеркәсібі және минералдарды өңдеу салаларындағы инновацияларын игеру арқылы айтарлықтай пайдаға кенеле алады», – деді Руанда Президенті.