Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматыда картон мен қағаз өндіретін жаңа зауыт салынады

Алматыда картон мен қағаз өндіретін жаңа зауыт салынады

Алматының индустриялық аймағында 37,1 млрд теңгеге бағаланған ірі инновациялық жоба іске асуда. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Жаңа кәсіпорын гофрлеу қағазын, қаптама картон және гипсокартонға арналған жабын шығарады.

Өндіріс толық жоғары технологиялы желімен жабдықталады: қағаз машиналары, тазарту құрылғылары, қазандықтар орнатылады.

Қаржыландыру аясында 12 миллиард теңге құрылыс-монтаж жұмыстарына, ал 25,1 миллиард теңге жабдықтар мен арнайы техниканы лизингке алуға бағытталған. Сонымен қатар, «KZ Recycling» ЖШС-не жылдық 3 пайыздық мөлшерлемемен, 15 жыл мерзімге заем берілетін болды.

Бұл – қайта өңдеу және қаптама саласындағы Қазақстандағы ең ірі инвестициялық жоба. Жүздеген жаңа жұмыс орны ашылады, елдің «жасыл экономикадағы» беделі артады.


Фото: ortcom.kz