Елімізге Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони келді

Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Қазақстан Президенті мен Италия Премьер-министрі бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.