Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

1 маусымнан бастап тегін үйірмелерге арналған бірыңғай ваучер жүйесі енгізіледі

1 маусымнан бастап тегін үйірмелерге арналған бірыңғай ваучер жүйесі енгізіледі

Бастама Астана, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе қалаларында жүзеге асырылады. Жүйе балалардың мемлекеттік және жекеменшік спорттық секцияларын, шығармашылық үйірмелер мен қосымша білім беру курстарын бірыңғай цифрлық платформаға біріктіреді.

Енді ваучер білім беру ұйымына емес, тікелей балаға беріледі. Демек,  баланың спорт, шығармашылық және білім беру бағыттары арасында еркін ауысуына болады. Сондай-ақ бұрынғыдай қайта кезекке тұру немесе қаржыландырудан айырылып қалу жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Бірыңғай ваучердің екі түрі қарастырылған:

  • Нысаналы ваучер – мемлекеттік мекемелерге арналған және кезекке тұруды қажет етпейді;
  • Әмбебап ваучер – баланың ата-анасы eGov.kz порталы арқылы жекеменшік немесе мемлекеттік емес ұйымды таңдай алады.


Фото: inbusiness.kz