Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүгін елімізде «Халық заңгері» атты республикалық акция өтеді

Бүгін елімізде «Халық заңгері» атты республикалық акция өтеді

Бүгін еліміздің барлық қаласында «Халық заңгері» атты ауқымды жалпы республикалық акция өтеді.

Шарада заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері азаматтардың толғандырған сұрақтарына жауап береді. Заң тұрғысынан кеңес беретін іс-шара барлық қалада ұйымдастырылады. «Халық заңгер» акциясы Астана қаласы бойынша Б.Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайында орналасқан Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында сағат 17.00-де басталады.

Айта кетейік, акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі.  Ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары. Мамандардан кеңес алу тегін.


Фото: ult.kz