Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанада «JETI QAZYNA» этноауылы ашылды

Астанада «JETI QAZYNA» этноауылы ашылды

Халықаралық балаларды қорғау күні Астанадағы Назарбаев Университетінің аумағында «JETI QAZYNA» этноауылы есігін айқара ашты. Жоба қазақтың мәдени мұрасын, қолөнерін және дәстүрлі өмір салтын насихаттауға бағытталған. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлім етті. 

Этноауыл қазақ мәдениетінің басты нышандарын бір алаңда тоғыстырды: батыр, сұлу қыз, бүркіт, қару-жарақ, тазы, жылқы, ой-білім. Жобаның бастамашысы әрі авторы – кәсіпкер Бауыржан Білман. Ол ішкі, әсіресе балалар туризмін дамытуға ден қойып жүр.

Этноауыл этномузей қызметін де атқарады. Мұнда қазақстандық қолөнершілерді қолдауға ерекше назар аударылған. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шеберлердің көрмелері мен шеберлік сағаттары өткізіледі, киізден бұйым жасау, ағаш ою, сурет салу, ұлттық өрнек жасау.

Келушілер атқа мінуді, садақ атуды, асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту секілді ұлттық ойындар ойнауды да тәжірибеден өткізе алады.

Бағдарламада сондай-ақ:

  • домбыра, айтыс, терме, жырау сияқты қазақ классикасын тірі орындау;
  • ұлттық билер мен театрландырылған қойылымдар;
  • дәстүрлі тағамдар дайындауға арналған аспаздық шеберлік сабақтары;
  • бүркіт және тазы иттермен көрсетілімдер бар.