Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы: Елімізде саналы, сапалы қоғам қалыптасуда

Мемлекет басшысы: Елімізде саналы, сапалы қоғам қалыптасуда

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған жиында Президент қоғамда Заң мен тәртіп қағидатын орнықтыру мәселесіне тоқталды.

«Елімізде жаңа саяси және сайлау мәдениеті орнығып келеді. Қоғамда әр алуан пікір болса да, тұтас елдің мақсат-мұраты – бір. Жұртшылық масыл болу, орынсыз сын айтып, мін тағу секілді теріс қасиеттерден жирене бастады. Біз еңбекқор, білімпаз және озық ұлт болуға ұмтылған елміз. «Заң және тәртіп» мемлекетіміздің басты бағдарына айналуда. Елімізде саналы, сапалы қоғам қалыптасуда. Жүргізіліп жатқан реформалардың мақсаты да – осы. Бұл тарихи мағынасы бар жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Біз ұлттық болмысымызды бекемдеп, ынтымақ-бірлігімізді нығайта береміз»,-
деді Мемлекет басшысы