Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ұлттық құрылтай: Басым бағыттар мен нақты міндеттер

Ұлттық құрылтай: Басым бағыттар мен нақты міндеттер

     Қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді диалог орнату – кез келген дамыған ел үшін маңызды шарт. Соңғы жылдары елімізде осы бағытта бірқатар жаңа алаңдар пайда болды. Соның бірі – Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Ұлттық құрылтай. Бұл – қоғамның сан қырлы мәселелерін көтеріп, ортақ ұстаным қалыптастыратын, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтатын кең форматтағы диалог алаңы.
     Биыл Бурабайда өткен 4-ші Ұлттық құрылтайда да ел тағдырына қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Бұл құрылтай – жай ғана пікір алмасу емес, ол нақты басым бағыттар мен міндеттерді айқындауға арналған маңызды платформа.
     Бүгін біз осы құрылтайдың мән-маңызы, мазмұны мен маңыздылығы туралы тереңірек әңгіме өрбітеміз. Қоғамдық даму, сын мен жетістікке байыппен қарау, азаматтық қоғам мен мемлекеттік мүдде, идеология мен қоғамдық бақылау – бұл бағыттар қазіргі реформалар кезеңінде ерекше назар аударуды талап етеді. Осы ойларды тарқатып, нақты ұсыныстарымен бөлісу үшін біз студиямызға қоғам қайраткері, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменовті шақырдық.