Жұмысшы мамандықтар жылы: Колледждерді дамытудың жаңа кезеңі

Әлемде жұмысшы мамандықтарының маңызы артып келеді. Технологияның дамуы мен өндірістің күрделенуі білікті мамандарға деген сұранысты күшейтіп, еңбек нарығындағы жаңа талаптарды қалыптастыруда.
Әсіресе, елімізде құрылыс, өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік және қызмет көрсету салаларында еңбек ететін жұмысшы мамандықтары экономиканың негізін құрайды. Мәселен, инновациялық технологиялардың дамуы кейбір кәсіптердің автоматтандырылуына ықпал етсе, жаңа өндіріс орындарының ашылуы белгілі бір мамандықтарға сұранысты арттырады. Сондықтан қоғамда жұмысшы мамандықтарының рөліне баға беріп, олардың дамуына ықпал ету – өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда біз «АMANAT» партиясының хатшысы Каринова Шолпан Таңатқызымен сұқбаттасқан едік.