Бітімгерлер Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

БҰҰ UNDOF миссиясының жауапкершілік аймағындағы Голан жоталарында қазақстандық бітімгерлік контингент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты жиын өткізді.
Мерекелік іс-шара барысында Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран орындалды.
Тәуелсіздікті, халықтың бірлігі мен Отанға деген мақтанышты бейнелейтін мемлекеттік рәміздердің маңызы атап өтілді.
Қазақстандық бітімгерлер жырақта жүріп, халықаралық аренада бейбітшілік пен қауіпсіздік ісіне үлес қосу арқылы мемлекеттік құндылықтарды сақтап, әрі құрметтеп келеді.