Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде 25 наурыздан бері 12 млн телефон тіркеуден өткізілген

Елімізде 25 наурыздан бері 12 млн телефон тіркеуден өткізілген

Қазақстанда жылына шамамен 4 млн телефон сатылады. Алайда өткен жылы заңсыз әкелінген құрылғылардан мемлекетке 150 млрд теңге шығын келді.

Осыны болдырмау үшін биыл 25 наурыздан бастап елімізде ұялы телефондарды міндетті түрде сәйкестендіру (тіркеу) тәртібі енгізілді.

Цифрлық даму министрлігінің өкілі Азамат Серіктаевтың айтуынша, елге кірген әрбір құрылғы 30 күн ішінде тіркелуі тиіс. Олай болмаған жағдайда, отандық байланыс операторларының қызметін пайдалану мүмкін болмайды.


фото: informburo.kz