Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды

Қазақстан Ұлттық Банкі инфляциялық тәуекелдерге байланысты базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды. Мамыр айында инфляция 11,3%-ға жетті. Баға өсіміне қызмет көрсету мен азық-түлік бағасының қымбаттауы себеп болды.
2025 жылы инфляция 10,5–12,5%, 2026 жылы – 9,5–11,5% деңгейінде болады деп болжанып отыр. Сонымен қоса, экономика өсімі 2025 жылы 5–6% деңгейінде болады делінген.
Базалық мөлшерлеме жылдың соңына дейін өзгеріссіз қалуы мүмкін.
Фото: massaget.kz