Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ҰБТ басталғалы 206 талапкер ереже бұзған

ҰБТ басталғалы 206 талапкер ереже бұзған

Ал тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 98 бала тесттен шеттетілді. Тағы 108 адам аудиториядан шығарылып, тест нәтижесі жойылған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері хабарлады.

Осы уақытқа дейін білім сынағына 164 мыңнан астам талапкер қатысқан. 3-аптаның қорытындысы бойынша қатысушылардың 69%-ы шекті балл жинады.

Айта кетейік, ҰБТ аяқталған соң 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда тестілеу нәтижелері жойылады.


Фото:  Ғылым және жоғары білім министрлігі