2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен.
Экономика министрлігінің мәліметінше, мұндай нәтижеге өнеркәсіп пен құрылыс салаларынан бастап, сауда, көлік және байланысқа дейінгі негізгі салалардағы өсім қарқынының жеделдеуі ықпал етті.
Атап айтқанда:
▫️Өнеркәсіп өндірісі 6,4%-ға артты;
▫️Ауыл шаруашылығындағы өсім 4,0%-ды құрады;
▫️Құрылыс саласы қарқынды дамып келеді, 15,4%-ға өсті;
▫️Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,2%-ға артты;
▫️Сауда айналымы 7,8%-ға артты (қаңтар-сәуір айының қорытындысындағы 7,0%-бен салыстырғанда). Ішкі сауда құрылымында көтерме сауданың үлесі шамамен 68%-ды құрайды;
▫️Байланыс және телекоммуникация саласы 2,8%-ға өсті. Бұл Интернет желісі қызметтері есебінен (+13,9%);
▫️Көлік саласы 23,1%-дық өсім көрсетті — бұл көбінесе жүк теміржол көлігінің (+17%) және құбыр арқылы тасымалдаудың өсуіне байланысты (+13,8%).
Фото: egemen.kz