Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ипотекаға баспана алудың шарттары өзгереді

Ипотекаға баспана алудың шарттары өзгереді

Енді құрылыс басталмай тұрып банк ипотека бермейді және салынып жатқан тұрғын үйді қолма-қол ақшаға сатып ала алмайсыз. Бүгін Сенатта үлестік құрылысқа бақылауды күшейту туралы заң жобасы мақұлданды.

Құрылыс компанияларына бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, көпқабатты үйдің қаңқасы тұрғызылған соң және Бірыңғай оператордың кепілдігі бар жағдайда банктердің қатысуымен үлескерлік құрылысқа рұқсат беріледі.

Дегенмен салынып жатқан үйлерді сатып алу бойынша алдын ала шарт жасасуға болмайды. Үлескердің ақшасын тарту ісін жергілікті атқарушы органдар бақылайды. Салынып жатқан көпқабатты нысандарға ипотека рәсімдеуге және үлескерлердің қаржысын рұқсатсыз жарнамаға тартуға тыйым салынбақ.




Фото: homsters.kz