Отандық жеңіл өнеркәсіп өндірісі көлемі 2,6 пайызға өсті

Мемлекеттік қолдау алған субъектілер сауда орындарының кемінде 20% азық-түлікке жатпайтын отанда өндірілген тауарларға арнауға міндетті. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов мәлім етті.
— Жыл басынан бері жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлемі 2,6%-ға өсті. Бұл жай ғана сан емес, жүйелі жұмыстың, инвестиция, кооперация мен мамандардың зор еңбегінің нәтижесі. Жеңіл өнеркәсіп сауда саласымен тығыз байланысты, ал қазіргі жағдайда ішкі нарықтың, тұрақты тұтынудың және импортты алмастырудың рөлі артып жатыр. Біздің міндет — отандық өндірісті қолдау, ішкі және сыртқы өткізу нарығын дамыту және қазақстандық өнімдерге арналған сөре кеңістігін ұлғайту, — деді Әсет Нүсіпов елордада өткен жеңіл өнеркәсіп ұлттық бірлестігінің 10 жылдығына арналған ІІ съезінде.
Вице-министрдің мәлімдеуінше, отандық өндірісті қолдау мақсатында бірқатар шешім қабылданды.
Бүгін елордада Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп ұлттық бірлестігінің 10 жылдығына орай съезд өтті.
Фото: Дәулет Ізтілеу/Kazinform