Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қытай инвесторлары Қазақстанда 50 мыңдай жұмыс орнын ашты — Роман Скляр

Қытай инвесторлары Қазақстанда 50 мыңдай жұмыс орнын ашты — Роман Скляр

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Орталық Азия — Қытай» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумында сөз сөйлеп, екі арадағы инвестициялық байланыстардың беталысына тоқталды. 

— Екі елдің арасында сенімге негізделген диалог жолға қойылған және өзара ынтымақтастық жоғары деңгейге шыққан.

Дипломатия Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы ықпалдастықтың қозғаушы күші болып отыр. Барлық бағыт бойынша ықпалдастықты арттырудың мүмкіндіктері орасан. Қытай — Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің негізгі сауда және инвестициялық серіктестінің бірі.

Былтыр Орталық Азия аймағы мен Қытайдың өзара сауда көлемі 95 млрд долларға жетті. Оның жартысына жуығы Қазақстанның үлесінде. Осылайша былтыр екі арадағы тауар айналымы тарихи мәндегі 44 млрд долларға жетті, 
— деді Роман Скляр.

Оның сөзінше, аймақ нарығында қытай капиталының қатысуымен 10 мыңға жуық компания жұмыс істеп отыр.

— Қазақстаның өзінде ғана қытайлық инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 66 миллиард доллардан асатын 224 жоба іске асырылып, 50 мыңға жуық жұмыс орны ашылды, — деді вице-премьер.



Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform