Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қытай – Орталық Азия: мәдени көпір және медиа бастамалар

Қытай – Орталық Азия: мәдени көпір және медиа бастамалар

Астанада «Тату көршілік және достық: болашаққа бірге қадам» Орталық Азия - Қытай гуманитарлық алмасу форумы өтті. Форумға мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ, ғылыми және сарапшылық қауым өкілдері қатысты.

Форум барысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бұл кездесудің маңыздылығын атап өтіп, мұнда тек Қытай мен Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы ғана емес, сонымен қатар миллиондаған адамның тағдыры тоғысқан ұланғайыр аймақтың болашағы талқыланатынын жеткізді.

– Біз әрдайым өзара тиімді әріптестік мәселелерінде ортақ түсіністік таба аламыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қытаймен жан-жақты ынтымақтастық – Қазақстанның орта мерзімді тұрақты дамуының басты факторы, – деді Мемлекеттік кеңесші.

Е. Қариннің айтуынша, аймақтың басты ерекшелігі – ашықтық, тұрақты экономикалық өсім және гуманитарлық, медиа салаларындағы тығыз байланыс. Ақпараттық процестердің рөлі артып, цифрлық технологиялар енгізіліп жатқан қазіргі заманда контент өндіру, технологиялармен алмасу және мәдени байланысты нығайту бағытындағы бірлескен жұмыс өзекті бола түсті.


Фото: kaz.inform.kz