Қырғызстан Президенті Астанаға келді

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді.
Қырғызстан Президентінің борты елорда әуежайына қонды. Садыр Жапаров «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады.
Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 25,2%-ға өсіп, $435,1 млн-ды құрады.
Фото: qazaqstan.tv