Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда алғашқы суперкомпьютер 10 күннен кейін іске қосылады

Қазақстанда алғашқы суперкомпьютер 10 күннен кейін іске қосылады

Бұл туралы «Қазақтелеком» басқарма басшысы Бағдат Мусин мәлімдеді. Сөзінше, NVIDIA H200 негізіндегі суперкомпьютер елге жеткізілді. Енді таяу күндері Алматыда монтаж жұмыстары басталады.

«Шамамен 10 күнде дайын болады. 6,7 миллион CUDA-ядро, 1600 петафлопс, ондаған терабайт GPU-жады», – деді Бағдат Мусин.

Жүйе мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға және корпоративтік тапсырыс берушілерге қолжетімді болады. Суперкомпьютер көмегімен техногендік апаттарды,  қалалардағы көлік қозғалысын алдын ала болжауға болады. Сондай-ақ, шетелдік серверлердің көмегіне жүгінбей-ақ, жасанды интеллект өнімдерді дербес іске қосуға болады.