Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ресейге кіру үшін QR-код қажет

Ресейге кіру үшін QR-код қажет

30 маусымнан бастап Ресейге визасыз режиммен кіретін шетел азаматтары үшін  талап күшейеді.  

Үкімет қаулысына сәйкес, қазақстандықтар мен басқа да шетел азаматтары Ресейге барудан кемінде 72 сағат бұрын электронды өтінім беріп, QR-код алуы тиіс. Өтінімді жуырда әзірленген RuID қосымшасы арқылы беру керек.  

Сондай-ақ, енді шекарадан өтерде биометриялық тексеру міндетті болады. Пилоттық жоба бастапқы кезеңде тек Мәскеу әуежайларында және Қазақстанмен шекарадағы Орынбор облысында орналасқан Маштаково автомобиль өткізу пунктінде іске аспақ. Бұл шектеудің дипломаттарға, алты жасқа дейінгі балаларға қатысы жоқ.


Фото: gov.kz