Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жемқорлыққа қарсы күресті тиімді жүргізу үшін жаңа тәсілдер қажет - Қ.Тоқаев

Жемқорлыққа қарсы күресті тиімді жүргізу үшін жаңа тәсілдер қажет - Қ.Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесін қозғады. 

- Жемқорлыққа қарсы күресу үшін нақты, жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Менің тапсырмаммен сот арқылы жемқорлардан алынған қаражат мектептер салуға жұмсалуда. Үш жылдың ішінде 89 мектептің құрылысына 150 миллиард теңгеден астам қаражат берілді (соның ішінде 61 мектеп пайдалануға берілді).

Дегенмен қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайда жемқорлыққа қарсы күресті тиімді жүргізу үшін жаңа тәсілдер қажет. Біз қонақжайлық индустриясының әлеуетін мақсатты түрде нығайтып, туризмді дамытамыз және шетелдік қонақтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән береміз,
- деді Президент.

Ол бүгінде Қазақстанға келген әрбір туриске әуежайдан қауіпсіздік жадынамасымен бірге мобильді байланыс пен базалық интернет пакеті бар жаңа сим-карта берілетінін еске салды.

- Қазақстанды жайлы әрі қауіпсіз мемлекет ету – бәрімізге ортақ міндет. Біз азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғай білуіміз керек. Ел ішіндегі тыныштық пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету аса маңызды. Бұл – халықтың әл-ауқаты мен еліміздің табысты дамуына тікелей ықпал ететін фактор. Сондықтан біз бүкіл құқық қорғау жүйесінің әлеуетін арттыруымыз қажет. Осылайша, Қазақстан аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосатын ел ретіндегі мәртебесін нығайта бермек.

Құқық қорғау органдары түбегейлі өзгерістерге дайын болуға тиіс. Түйткілдің бәрін жан-жақты ойластырып, жоспарлы түрде шешу қажет. Құзырлы органдардың негізгі мақсаты – нақты нәтижеге қол жеткізу,
- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

#заңжәнетәртіп