Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде «Заң мен Тәртіп» жаңа цифрлық сервисі іске қосылды

Елімізде «Заң мен Тәртіп» жаңа цифрлық сервисі іске қосылды

Енді азаматтар құқық бұзушылықтар туралы полицияға тікелей Egov Mobile қосымшасы арқылы хабарлай алады.

Ішкі істер министрлігі «Заң және тәртіп» жаңа цифрлық сервисін іске қосты. Енді қазақстандықтар тәулік бойы eGov Mobile қосымшасы арқылы тәулік бойы құқық бұзушылықтар туралы хабарлай алады. Қосымшаның басты бетінде арнайы «Заң және тәртіп» белгішесі пайда болды.

ІІМ мәліметінше, өтініш беру формасы қарапайым әрі түсінікті. Қарапайым форма арқылы полицияға қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе жол апаты туралы сигнал жіберуге болады. Сервис банк қосымшаларында да қолжетімді.


#заңментәртіп