Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлармен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлармен кездесті

Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында Мемлекет басшысы бірқатар халықаралық компанияның өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Wabtec президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантанамен әңгімелесу барысында компанияның ұзақ жылдан бері Қазақстанның теміржол саласындағы сенімі серіктесіне айналғанын, елімізге 230 миллион ддоллардан аса инвестиция құйғанын атап өтті.

Америкалық Wabtec корпорациясы көлік технологиясы бойынша көшбасшы компаниялардың бірі ретінде танылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз локомотивтің жаңа түрлерін шығару, сервистік орталықтарды кеңейту, біліктілік орталықтарын құру және өндіріс локализациясын арттыру бағыттары бойынша компаниямен стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.



Фото: Ақорда