2027 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызылады

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Үкімет отырысында айтты. Бүгінге дейін мемлекеттік орман қоры аумағында 1,3 млрд көшет отырғызылған.
Оның ішінде Арал теңізінің құрғаған табанына 48,7 млн сексеуіл көшеті егілген.
Сондай-ақ елді мекендер аумағында 15 млн ағаш отырғызу бойынша тапсырма орындалды.
Фото: otyrar.kz