Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Президент Ақтөбе облысына барды

Президент Ақтөбе облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Cапар барысында Әлия Молдағұлованың ескерткіші жанында жергілікті жұртшылықпен кездесті.

– Әлия Молдағұлова – халқымыздың қайсар қызы. Бүгін 100 жылдығына орай арнайы келдім. Бұл, ең алдымен, азаматтық борышым. Тағзым ету үшін келіп отырмын. Баршаңызға көп рақмет. Әлияның есімін халқымыздың арасында, шетелде кең ауқымда дәріптеуіміз керек. Ол – біздің мақтанышымыз. Сондықтан оның есімі біздің жадымызда мәңгі сақталады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент қазіргі алмағайып заманда бірлікті, татулықты сақтау өте маңызды екеніне назар аударды.