Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жүлде қоры 45 млн теңге: Астанада ең үздік қымыз анықталады

Жүлде қоры 45 млн теңге: Астанада ең үздік қымыз анықталады

2025 жылғы 19-20 шілде күндері Астанадағы «Қазанат» ипподромында қазақ халқының дәстүрлі сусыны қымызға арналған ауқымды гастрофестиваль өтеді, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қымызды халықаралық деңгейдегі мәдени брендке айналдыруды көздейтін іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен  қымыз өндірушілер мен жылқы өсіруші шаруашылықтар қатысады. Ұйымдастырушылардың болжамынша, 50-60 мың адам қатысады, сондай-ақ, қымыз өндіретін 50-ге жуық шаруа қожалығы өз өнімдерін ұсынады.

Фестиваль аясында «Ең үздік қымыз» атағы үшін байқау өтеді. Жалпы жүлде қоры –  45 миллион теңге: I орын –  20 млн тг, II орын – 15 млн тг, III орын –  10 млн тг.


Фото: gov.kz