Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

V Республикалық Жазғы волонтерлер мектебінің жұмысы аяқталды

V Республикалық Жазғы волонтерлер мектебінің жұмысы аяқталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Birgemiz: areket yaqyty» стратегиялық серіктестігі аясында Ұлттық фронт-кеңсе ұйымдастырған V Республикалық Жазғы волонтерлер мектебі өз жұмысын аяқтады.

Аталмыш мектеп 2021 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді және осы уақыт аралығында елімізде волонтерлік қоғамдастықты қалыптастыруға арналған маңызды алаң ретінде танылды. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтарды әлеуметтік маңызы бар бастамаларға жұмылдыру, олардың құзыреттілігін арттыру және волонтерлікке деген қызығушылықты күшейту.

2025 жылғы Жазғы мектеп Қазақстанның әр өңірінен келген белсенді азаматтарды біріктіріп, тәжірибе алмасуға, оқуға және волонтерлік бағыттағы серіктестікті кеңейтуге мүмкіндік берді. Оқу сессиялары мен тренингтер барысында қатысушылар кәсіби және тұлғалық дағдыларын жетілдіріп, өз жобаларын жүзеге асыруға қажетті құралдарды меңгерді.

Мектеп аясында бұған дейінгі жылдары осы алаңда білім алған, бүгінде өз өңірінде әлеуметтік жобалар мен ауқымды іс-шараларды табысты жүзеге асырып жүрген үздік түлектердің жетістіктері де сөз етілді. Бұл бастамалар тек мемлекеттік емес, сонымен қатар үкіметтік емес құрылымдардың да қолдауымен іске асқан.