Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Енді елордада жол ережесін Sergek дрондар бақылайды

Енді елордада жол ережесін Sergek дрондар бақылайды

Астанада Sergek дрондары сынақтан өтіп жатыр. Бұл туралы Sergek Group компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратта айтылғандай, Sergek жүйесімен интеграцияланған дрондарды қолдану нақты уақыт режимінде жол ережесін бұзғандарды, алимент төлемегендер мен борышкерлерді анықтауға, ақпаратты полиция планшетіне жылдам жеткізуге және сол арқылы құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға жол ашады. 

Сынақ аясында Sergek Group әзірлеушілері Ішкі істер министрлігі және «Қазтелеком» АҚ өкілдерімен бірлесе отырып, дрондарды әртүрлі бағытта сынайды. Атап айтқанда, патрульдеу форматынан бастап нақты бағытталған іздестіруге дейін. Егер нәтижелер оң болса, аталған жоба басқа өңірлерге де кеңейтілуі мүмкін.

Сондай-ақ, ресми хабарламада Sergek жүйесімен жабдықталған дрондарды қолдану цифрлық қауіпсіздіктің жаңа деңгейі екені айтылған. Бұл технология полицияның әрекет ету жылдамдығын арттырып қана қоймай, қабылданатын шешімнің нақтылығын да күшейтеді.




Фото: Sergek Group